Клиент жазды. Сіз — жиналыста. Бәсекелесіңіз — жауап беріп қойды.
Sana CRM-дегі ЖИ-сатушы клиентке түнде де, демалыста да, мерекеде де бірнеше секундта жауап береді, қажеттілігін анықтап, төлемге дейін апарады. Барлық чат — бір терезеде.
Демо ақылы · Қазақша және орысша · Телефонда қосымша сияқты · Шымкент
Клиент ренжімейді. Ол жай ғана басқаға кетеді — үнсіз.
Тәулікте 24 сағат. Менеджерде — 9.
ЖИ-сатушы түнде де, демалыс күндері де, мерекеде де бірнеше секундта жауап береді. Ұйықтамайды, ауырмайды, «5 минутқа шығып келем» демейді.
Менеджер — кезекпен. ЖИ-сатушы — бәріне бірден.
Менеджер
ЖИ-сатушы
Менеджер бір уақытта бір чатқа жазады. ЖИ-сатушы әр чатқа бөлек жауап береді.
Көріп тұрғаныңыз — нағыз экран.
Чаттар WhatsApp сияқты, мәмілелер тақтада, ал ЖИ-агенттердің жұмысы — 3D-кеңседе тірі көрінеді.


Чаттар: оқылмаған, бекітілген, мұрағат, дауыстық хабардың мәтіні, чат ішінен іздеу. Демо деректер.
Бес ЖИ-қызметкер. Бірде-бірі кешікпейді, бірде-бірі ұмытпайды.
Сатушы
Қамқорлық
Бухгалтер
ЖИ-РОП
Маркетолог
Қай агенттер кіреді — тарифке байланысты.
Бәсекелестер не істеп жатыр — сіз апта сайын білесіз.
Аптасына бір рет — маркетологтың шолуы
- бәсекелестер не істеп жатыр және қандай бағамен
- сіздің клиенттеріңіз апта бойы жиі не сұрады
- ұсыныстар мен идеялар — иесіне, клиенттерге ештеңе жазбайды
Агент кофе ішпейді. Қуат ішеді.
Әр жауап аздап қуат жұмсайды. Қуат тарифтен бөлек, пакетпен алынады. Қалдық пен әр агенттің шығыны CRM-де көрініп тұрады.
Шамамен: бір чатқа орта есеппен 4 жауап, ЖИ-сатушының бір жауабы ≈ 1,3 қуат (біздің чаттардағы нақты орташа). Басқа агенттер бөлек жұмсайды; ұзақ чаттар көбірек жұмсайды.
Прайста жоқ баға клиентке жетпейді. Әр жауап жіберілмес бұрын тексеріледі.
ЖИ жауабы
дайын, бірақ клиентке әлі кеткен жоқ
Тексеру
баға мен сілтеме — тек бекітілген прайстан; бос немесе толтырылмаған жауап өтпейді
Клиентке
тексерілген жауап
Даулы сұрақ → бірден адамға
адам сұрайды, шағым, жеңілдік
Кез келген чатты адам кез келген сәтте ЖИ-ден ала алады.
Енді «ол клиент қай кезеңде еді?» деген сұрақ жоқ.
Барлық хат алмасу, сандар және мәміле кезеңдері (Kúsh тарифінен бастап) — бір жерде. Телефонда қосымша сияқты ашылады, компьютерде де жұмыс істейді. Интерфейс — қазақша және орысша.
Instagram, TikTok және YouTube-ты ЖИ-агенттер жүргізеді.
Барлау не айтса, соны түсіреміз: контент-жоспар, видео монтаж, жариялау кестесі — бір CRM ішінде. Бұл мүмкіндіктер жақында қосылады.
Посттар мен Reels: жоспар, мәтін, жариялау уақыты.
TikTok
Қысқа видеолар: идея, монтаж, субтитр, кесте.
YouTube
Shorts пен ұзақ видео: монтаж және жариялау.
Бес қадам — және ЖИ-сатушы жұмыста.
Тарифті енгізу осылай өтеді. Демо — енгізусіз.
Бизнесіңіздің көлеміне қарай.
Тариф = бір рет енгізу + ай сайынғы абонплата + қуат пакеттері. Бағасын чатта айтамыз — алдымен бизнесіңізді түсінеміз.
Tez
- ЖИ-сатушы
- 1 WhatsApp нөмірі
- 1 қызметкер
Kúsh
- ЖИ-сатушы, ЖИ-РОП, Қамқорлық
- CRM: воронка, тақта, команда
- 3 нөмірге дейін, 10 қызметкерге дейін
Tulpar
- Таңдауыңызша 4 ЖИ-агент
- CRM
- 5 нөмірге дейін, 15 қызметкерге дейін
Qyran
- Барлық 5 ЖИ-агент
- CRM
- 10 нөмірге дейін, 30 қызметкерге дейін
Жиі сұрайды
WhatsApp нөмірді бұғаттамай ма?
WhatsApp QR арқылы «байланысқан құрылғы» ретінде қосылады, бәрін өзіміз жасаймыз. CRM-де антиспам бар: бірінші болып тек 9:00–22:00 аралығында, күніне 1 реттен, аптасына 3 реттен жиі жазбаймыз.
ЖИ қате баға айтып қойса ше?
Әр жауап клиентке дейін тексеріледі: прайста жоқ баға немесе сілтеме кетпейді. Даулы сұрақты ЖИ бірден адамға береді, кез келген чатты менеджер өзі ала алады.
Қуат деген не?
ЖИ-агенттер жұмыс істейтін «жанармай»: әр жауап аздап қуат жұмсайды. Қуат тарифтен бөлек, пакетпен алынады; қалдығы мен шығыны CRM-де көрініп тұрады.
Instagram, Telegram, TikTok чаттары қосыла ма?
Қазір CRM WhatsApp-пен жұмыс істейді. Instagram, Telegram және TikTok-тағы клиенттерді WhatsApp-қа жазуға шақыруға болады.
Бронь бар ма?
Бронь жоқ: төлем расталғаннан кейін қолжетімділікті бірден ашамыз. Kaspi немесе ЖШС-ке шот арқылы төлеуге болады.
Қай тілдерде жазады?
Клиент қай тілде жазса, сол тілде: қазақша, орысша және аралас. Интерфейс те қазақша және орысша.
14 күндік демо. Өз клиенттеріңізде.
Демо ақылы, ішінде 500 қуат бірлігі бар. Бір компанияға — бір рет, енгізусіз. 14 күннен кейін тарифке ауысасыз, хат алмасу мен деректер сақталады. Бронь жоқ: төлем расталғаннан кейін қолжетімділікті бірден ашамыз.